13 октября 2022

Минус Музарт - Мумкин емес

Текст (слова) песни Музарт - Мумкин емес:

Размер текста:

Төніп тұрса төбемде күн,
Демің бе деп елеңдедім.
Қою түнгі қара көздің,
Мұңшықтарын сен емдедің
Бәлкім сен де ойлайсың ба?
Тұнық сырға бойлайсың ба?
Айдан жолдап сәлеміңді
Бір серпілтіп қоймайсың ба!?

Тыныштық бер жүрегіме,
Құлақ аспа тілегіме.
Сезім шоқты тығып қойған,
Жұмыр жердің жүрегіне.
Күліп келем күлкіме емес,
Тек әйтеуір сылқым елес.
Сені ойдан арылтпақпын,
Бірақ әттен, бірақ әттен мүмкін емес.

Ару айдың қанатынан,
Тұман мұңдар таратылған.
Сәулем менің қайда жүрсің?
Ақша бұлттан жаратылған.
Самал желмен тербейсің бе?
Ыстық күнмен емдейсің бе?
Сені іздеуден тұншығамын,
Желге мініп келмейсің бе?



Смотри ещё:


Ваш комментарий:

Регистрация