18 ноябрь 2019
Не нравится +42 Нравится

Минус Жігіттер - Туган жер

Текст (слова) песни Жігіттер - Туган жер:

Размер текста:

Алыс кетсем, мен сені аңсай жүрем!
Сағыныштан өзіңе ән сап жүрем, туған жер!
Ауылымның түтіні қымбат маған,
Қымбат маған белдері күн қақтаған, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп баралады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Көзді тартып жайнайды-ау далаң гүлден,
Қасиетіңді қашан да балаң білген, туған жер!
Бұл өмірде, шіркін-ай, не жетеді,
Құшағыңда әкем мен анам жүрген, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп баралады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!

Сенсіз ән-күй жанға саз береді ме?
Жарар ма екем сәл ғана керегіңе, туған жер!
Сенсіз көрген жарығым су қараңғы,
Сенсіз көрген қызықтың керегі не, туған жер!

Туған жер, өзің дегенде,
Жүремін әр кез елеңдеп.
Бір сезім билеп баралады-ау!
Жүрегім дүрсіл қағады-ау!


Смотри ещё:


Ваш комментарий:
Вопрос:* 66-6=
  1. Айару
    Өте керемет менің өзіме ұнады

ТОП аплоадеров

Регистрация